---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/05/shymkentte-baspana-alw-ueshin-ajla-sharghy-zhasaghan-policej-sheninen-ajyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды

![Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/5dafdf0ee98d8904709824.jpg)

**Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.**

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу дерегі анықталды.

> «Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
> 
> 
> 
> 
> Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

> «Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2024-01-05T04:16:08+06:00

Жаңартылды: 2024-01-05T04:16:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/05/shymkentte-baspana-alw-ueshin-ajla-sharghy-zhasaghan-policej-sheninen-ajyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.