Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды

Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу дерегі анықталды.

«Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді», — делінген хабарламада.