---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/01/05/bayanawylda-zherding-astyna-tuesip-ketken-avtobwstaghy-adamdar-aeli-izdestirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Баянауылда жердің астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр

![Баянауылда жердің астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/01/4e05fcc6-99ac-496f-b507-a3ba93320769.webp)

**«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. **

Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды.

Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

---

Жарияланды: 2024-01-05T04:18:18+06:00

Жаңартылды: 2024-01-05T04:18:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/01/05/bayanawylda-zherding-astyna-tuesip-ketken-avtobwstaghy-adamdar-aeli-izdestirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.