---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/28/shymkentte-sport-salasyndaghy-6-lawazymdy-tulgha-qylmystyq-zhawapkershilikke-tartylwda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

![Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/18104824.jpg)

**Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп жатыр. Басты мақсат – спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың алдын алу, сондай-ақ жаттықтырушылар мен спортшылардан заңсыз ақша жинауға жол бермеу.

> «Шымкентте спорт саласын дамытуға бюджеттен 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Өңірдегі спорт мектептерінің директорлары мен жаттықтырушыларының, жалпы саны 700-ден астам қызметкердің қатысуымен кездесу өткізіп, бюджеттік қаражатты жымқыру үшін көзделген жауапкершілік талқыланып, түсіндірілді. Жалпы биылдың өзінде аталған салада 7 қылмыс тіркеліп, 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», — деді Дәурен Ерғарин.

---

Жарияланды: 2023-12-28T07:55:29+06:00

Жаңартылды: 2023-12-28T07:55:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/28/shymkentte-sport-salasyndaghy-6-lawazymdy-tulgha-qylmystyq-zhawapkershilikke-tartylwda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.