---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/27/qazaqmys-kenishinde-taghy-da-zhumysshy-qaza-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» кенішінде тағы да жұмысшы қаза болды

![«Қазақмыс» кенішінде тағы да жұмысшы қаза болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/4swl9p4d4ujwlnb5h6utpa4twolpe3aztzljhdzf.jpeg)

**Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.
> 
> 
> 
> 
> Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.
> 
> 
> 
> 
> Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
> 
> 
> 
> 
> «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген компания мәліметінде.

Еске салайық, 26 желтоқсан күні өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астамқа артқанын атап өткен болатын.

Айта кетейік, «Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы уақытта жазатайым оқиғалар көбейді. Мәлесен, 27 қарашада компанияның Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған жұмысшылары ауыр жарақат алып, көз жұмды.

---

Жарияланды: 2023-12-27T04:45:31+06:00

Жаңартылды: 2023-12-27T04:45:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/27/qazaqmys-kenishinde-taghy-da-zhumysshy-qaza-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.