---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/26/qazaqstan-vizasyz-elder-tizimin-82-ge-dejin-kengejtti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан визасыз елдер тізімін 82-ге дейін кеңейтті

![Қазақстан визасыз елдер тізімін 82-ге дейін кеңейтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo_369154.jpeg.webp)

**Қазақстандық паспорттың мәртебесін арттыру жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылдың қорытынды брифингінде баяндады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оның айтуынша, 2023 жылы визасыз елдер тізімі түрлі санаттағы паспорттар бойынша 82 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде 29 мемлекет ұлттық паспорттар бойынша кеңейтілді.

Паспорттардың түрлі санаттары бойынша 3 жаңа елмен өзара визасыз режим туралы келісімдер жасалды, олар: Бангладеш (дипломатиялық және қызметтік паспорттар бойынша), Сейшел Аралдары және Сан-Марино (паспорттардың барлық түрлері бойынша).

> «Сонымен қатар биыл Қытай және Вьетнаммен ұлттық паспорт иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылды. Өздеріңіз білетіндей, ҚХР-мен визасыз режим күшіне енді. Вьетнаммен визасыз режим жақын арада тараптар барлық қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтаған соң басталады», — деп түсіндірді А. Смадияров.

Сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін Еуропа одағымен визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультацияларды бастау туралы уағдаластыққа қол жетті.

ҚР азаматтары үшін еуропалық виза режимін жеңілдетудің бірінші кезеңдері ретінде: визалық алымды төмендету; өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту; көпмәртелі визалардың қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр.

---

Жарияланды: 2023-12-26T04:57:56+06:00

Жаңартылды: 2023-12-26T04:57:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/26/qazaqstan-vizasyz-elder-tizimin-82-ge-dejin-kengejtti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.