Жыл басынан бері «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталының мониторингі шеңберінде 6,6 млрд.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді. Бұл туралы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов «Алматы қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру» тақырыбындағы брифинг барысында хабарлады.
Спикер бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында мегаполис тұрғындарын толғандыратын 11 проблемалық сала бар екенін атап өтті.
Оны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 137 ұсыным енгізілді.
Белгілі бір салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Мысалы, Денсаулық сақтау саласында мониторинг нәтижелері бойынша денсаулық сақтауды бақылау кеңесінің мүшелеріне 53 млн. теңге мөлшерінде негізсіз төлемдер сомасы белгіленді. Заңсыз төлемдер практикасы тоқтатылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында 2020-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 20,9 млн. теңгеге көтерілген бағамен дәрілік заттарды сатып алу фактілері анықталды.
Орталық зарарсыздандыру бөлімшелерінің жабдықтарын сатып алуға арналған 1,9 млрд. теңге мөлшеріндегі сома бюджетке қайтарылды.
Білім беру саласында сыртқы талдау қорытындысы бойынша 456 млн.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.
Бұдан басқа, білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2023 жылға еңбекақы төлеу қорын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталып, шамамен 735 млн.теңге сомаға қаражат бюджетке қайтарылды.
Кәсіпкерлік саласында «Бизнеске жол» жобасы аясында 38 проблемалық мәселе шешілді, 1600-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз