---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/25/sawda-ministri-altyn-orda-bazarynyng-keleshegi-twraly-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сауда министрі «Алтын Орда» базарының келешегі туралы пікір білдірді

![Сауда министрі «Алтын Орда» базарының келешегі туралы пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/a6mdzo5xgyjv759cityjodlqt92k48pn3irzzq82.jpg)

**Мәжілістегі сауда саясатын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке «Алтын Орда» базарының келешегі туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

«Мәжілістің жұмыс тобында сіздердің министрлік жақында ғана ақпарат берген болатын. Шымкент, Астана, Алматы қалаларындағы модернизацияға жататын 16 базардың ішінде «Алтын Орда базары бар ма?» — деп сұрады депутат Ерболат Саурықов.

Министр «Алтын Орда» базары Алматы қаласы емес, Алматы облысында тіркелгенін еске салды.

> «Жол картасында ондай нысан бар. Қазіргі таңда үшінші үлкен көтерме тарату орталығы болады. Ол жерде екі үлкен павильон салынды. Біреуі азық-түлікке арналған. Екіншісі – азық-түлік емес тауарларға арналған. Қазіргі таңда көптеген адамдар көшеде сауда жасай беретіндерін айтып отыр. Оларға қосымша төлем төлемей, солай жұмыс істеу ыңғайлы. Көшеде сауда жасау – болмайтын формат. Саудагерлерге соны айттық», — деді Арман Шаққалиев.

---

Жарияланды: 2023-12-25T07:28:46+06:00

Жаңартылды: 2023-12-25T07:28:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/25/sawda-ministri-altyn-orda-bazarynyng-keleshegi-twraly-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.