---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/22/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-1-zholawshy-qaza-tawyp-6-adam-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында жол апатынан 1 жолаушы қаза тауып, 6 адам ауруханаға түсті

![Түркістан облысында жол апатынан 1 жолаушы қаза тауып, 6 адам ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/2cc2363a-a308-42a6-8135-3900f85e61aa-1.webp)

**«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 719 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Шымкент қаласынан Сарығаш бағытына шыққан «Toyota Camry» көлігі «Mersedes-Sprinter» жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

> «Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Төлеби АПБ мен аудандық прокуратура басшылығы барды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады», — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

---

Жарияланды: 2023-12-22T06:09:24+06:00

Жаңартылды: 2023-12-22T06:09:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/22/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-1-zholawshy-qaza-tawyp-6-adam-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.