«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 719 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шымкент қаласынан Сарығаш бағытына шыққан «Toyota Camry» көлігі «Mersedes-Sprinter» жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Төлеби АПБ мен аудандық прокуратура басшылығы барды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады», — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз