Қазіргі уақытта, бүкіл әлемде созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминалдық сатысындағы миллиондаған пациенттер бағдарламалық гемодиализ арқылы толықтырушы терапия алады.
Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін және жоғалған бүйрек функциясын қалпына келтіруді қажет ететін және олардың саны өте көп, пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бүйрек алмастыру терапиясы көрсетіледі.
«Бағдарламалық гемодиализ рәсімі біздің гемодиализ орталығында тәжірибелі дәрігерлер мен мейірбикелердің бақылауымен жүргізіледі. Белгіленген диагноз — созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бағдарламалық гемодиализ жүргізу үшін көрсеткіш болып табылады. Бұл ретте біз жұмыс істеп тұрған тұрақты диализ қолжетімділігінің болуын қамтамасыз етеміз: күретамыр- көктамырлық жыланкөз (АВФ), тамыр протезі, перманенттік катетер. Күретамыр- көктамырлық жыланкөз гемодиализ жасау үшін ең оңтайлы тамыр жолы ретінде анықталды. №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған барлық науқастарға (бастапқы және қайталама) Медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік қорының шеңберінде күретамыр- көктамырлық жыланкөзді қалыптастыру операциялары (тегін) жүргізіледі. Науқастың ерекшеліктеріне байланысты күретамыр- көктамырлық жыланкөзді қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайларда пациенттерге тұрақты катетерді орнату ұсынылады, — дейді Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Бекболат Мұсабаев.
Дәрігердің айтуынша, уақыт өте келе созылмалы гемодиализдегі пациенттердегі күретамыр- көктамырлық жыланкөздерде қанның ұйысуы, тамырлардың тарылуы, күретамыр- көктамырлық жыланкөздің рестенозы сияқты асқынуларға байланысты тамырларға қолжетімділік функциясын жоғалтады. Күретамыр- көктамырлық жыланкөзді пайдалану ұзақтығы бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде созылмалы гемодиализдегі науқастардағы сипатты асқынулар. Осындай факторлардың бірі күретамыр- көктамырлық жыланкөз қан тамырларының торабының (анастомоз) бітелуі, орталық тамырлардың тарылуы болып табылады. Бұл созылмалы гемодиализдегі науқастарға тән асқыну.
Осы, айтарлықтай кең таралған асқынудың дамуы күретамыр- көктамырлық жыланкөзді жоғалту қаупін айтарлықтай арттырады.
Сондай-ақ, Б.С. Мұсабаев №7 қалалық ауруханада тамырлардың тарылуы тамырларға тұрақты қол жеткізудің асқынуы бар науқастар баллонды ангиопластикадан өтеді. Бұл баллонды катетердің көмегімен зардап шеккен аймақтағы тамырдың кеңеюі. Бұл орталықтың өткізгіштігін қалпына келтіру үшін тиімді, аз инвазивті, жоғары технологиялық тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол күретамыр- көктамырлық жыланкөздің жоғалу қаупін болдырмауға немесе қарама-қарсы жағында жаңа тұрақты тамырлы жолдың пайда болу уақытын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша гемодиализ бағдарламасын қабылдайтын пациенттің өмірін ұзартады.
«Техникалық жетістіктің жоғары көрсеткіштерін ескере отырып, баллон ангиопластикасы осы патологияны емдеуде алтын стандарт болып саналады, ол тамырдың кішкене пункциясы арқылы жергілікті анестезиямен орындалады және оңалтуды қажет етпейді. № 7 ҚКА баллондық ангиопластика 2019 жылдан бастап өте жақсы нәтижелер беріп келеді. Айта кету керек, біздің клиника алғашқылардың бірі болып пациенттерді емдеудің инновациялық технологиялар мен заманауи әдістерін қолданып келеді» , — деп атап өтті дәрігер.
Мысал ретінде, дәрігер Мұсабаев күретамыр- көктамырлық жыланкөздің тарылуын қалпына келтіруді баллондық ангиопластика әдісімен қалпына келтіру соңғы клиникалық жағдайларының бірін келтірді.
Пациенттің жасы 64 –те. Науқас анамнезі гипертониялық нефропатия нәтижесінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы диагнозымен 2013 жылдан бастап бағдарламалық гемодиализ аппаратында. Сол жақ білектің күретамыр- көктамырлық жыланкөздің дисфункциясы. Жыланкөздегі қан ағымы баяу. Қорытынды: сол қолдың жыланкөзінің тарылуы.
№ 7 қалалық аурухананың интервенциялық хирургтері күретамыр- көктамырлық жыланкөзге баллон ангиопластикасын сәтті өткізді. Операциядан кейін — қан ағыны оң динамика көрсетті. Баллондық ангиопластика басқа да ықтимал асқынулардың алдын алуға, жыланкөздің «өмірін» ұзартуға және пациенттің өмірін ұзартуға мүмкіндік берді. Жетінші аурухана мамандарының кезекті командалық жұмысы — тағы бір адамның құтқарылған өмірі!
Discussion about this post