---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/21/atyrawda-51-zhastaghy-aejel-emhanada-alghan-wkoldan-song-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда 51 жастағы әйел емханада алған уколдан соң көз жұмды

![Атырауда 51 жастағы әйел емханада алған уколдан соң көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/05a5c8ff312704b3bc247d4a4a215d7c.jpg)

**Атырау қаласындағы №1 емханада укол алған 51 жастағы әйел қайтыс болған. Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға 14 желтоқсанда Атырау қаласындағы №1 емханада болған. Сол күні емханада шамамен сағат 9:15 шамасында 1972 жылғы әйелге укол салынған. Алайда, пациенттің жағдайы нашарлаған. Емхана дәрігерлері жедел жәрдем шақырған.

Бірақ, сағат 9:51 шамасында пациенттің биологиялық өлімі тіркелген. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жас босанған әйелдің қазасына қатысы бар дәрігерлерге сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.

Атырау қаласының №2 сотында облыстық ауруханасының 6 дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Дәрігерлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен айып тағылған.

> «Сотталушылар А., Т. және А.-ның жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың отбасылық жағдайы ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот үкімімен А., Т., А. ҚР Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды», — деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сотталушыларға 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Т. және А.-ға 63-бап қолданылды. Енді олар жазасын шартты түрде өтейді.

Ал, 3 сотталушы Е., С. және К.-ның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақталды.

---

Жарияланды: 2023-12-21T07:24:38+06:00

Жаңартылды: 2023-12-21T07:24:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/21/atyrawda-51-zhastaghy-aejel-emhanada-alghan-wkoldan-song-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.