---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/21/almatydaghy-kamenskoe-plato-shaghyn-awdan-turghyndaryn-swmen-qamtamasyz-etwding-koepzhyldyq-problemasy-2023-zhyldyng-songyna-dejin-sheshiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы «Каменское плато» шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасы 2023 жылдың соңына дейін шешіледі

![Алматыдағы «Каменское плато» шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасы 2023 жылдың соңына дейін шешіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo-2023-12-21-13-48-06.jpg)

**2023 жылы Алматыда 231 км сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілері салынып, жаңғыртылды. 13 кәріз сорғы станциясы салынды.**

Екі қазандықты реконструкциялау арқасында «Южная» қазандығының қуаты 1,5 есеге және «Премьера» қазандығының қуаты 2 есеге ұлғайды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

*«Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі- қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтерге қолжетімді ету. Жүргізілген жұмыстардың арқасында 2023 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 2022 жылғы 55,7% — дан 54,3% — ға дейін төмендеді», — деп атап өтті ол.*

Алматы әкімінің айтуынша, биылғы жазда аптап ыстықтан Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде сумен қамтамасыз ету бойынша елеулі проблемалар анықталды. Шілде айында Медеу ауданында су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 құрады.

*«Су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың м 3 болатын сумен жабдықтаудың резервтік сызбасы жасалып, 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Судың негізгі көздері — Талғардағы жер асты сулары. Сорғы станцияларының қуатын 60% — ға арттыра отырып, 6 жаңа скважина б жасалды. Ал 2023 жылдың соңына дейін «Каменское плато» шағын ауданының тұрғындарын сумен жабдықтаудың көпжылдық мәселесі 7 су қоймасын, оның ішінде 6,9 мың м 3-ке 5 резервуар салу арқылы шешілетін болады», — деді Ерболат Досаев.*

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/12/photo-2023-12-21-13-48-06-1-300x200.jpg)

---

Жарияланды: 2023-12-21T08:03:29+06:00

Жаңартылды: 2023-12-21T08:03:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/21/almatydaghy-kamenskoe-plato-shaghyn-awdan-turghyndaryn-swmen-qamtamasyz-etwding-koepzhyldyq-problemasy-2023-zhyldyng-songyna-dejin-sheshiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.