---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/19/aqtoebede-2-oqwshy-men-mughalim-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

![Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/bb338340a707c5b963bf8258d14b344b.jpg)

**«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.**

Оқиға бүгін, сағат 08:45–те «Самара — Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

> «Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», — деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Полиция мән-жайды анықтауға кірісті.

> «Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам және 16 жастағы екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жағдай анықталып жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

---

Жарияланды: 2023-12-19T07:08:55+06:00

Жаңартылды: 2023-12-19T07:08:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/19/aqtoebede-2-oqwshy-men-mughalim-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.