---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/15/zhambyl-oblysynda-toetenshe-zhaghdaj-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

![Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo_118397.jpeg)

**Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Qazaqpress өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.**

Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.

> — Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр.
> 
> 
> 
> 
> Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланғаны айтылды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылған (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

> — Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.
> 
> 
> 
> 
> Төтенше жағдай салдарынан Шу Отар учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр, — делінген хабарламада.

Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

---

Жарияланды: 2023-12-15T05:23:58+06:00

Жаңартылды: 2023-12-15T05:23:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/15/zhambyl-oblysynda-toetenshe-zhaghdaj-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.