---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/13/qazaqstandaghy-ortasha-zejnetaqy-moelsheri-ataldy-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

![Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/13627282_0_0_1990_1125_1920x0_80_0_0_b50b8d774aa9f92687dddbccc0f13736.jpg)

**Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 328 мың адам.

> — Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 103,1 миллиард теңге қарастырылды.
> 
> 
> 
> 
> 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-12-13T06:21:29+06:00

Жаңартылды: 2023-12-13T06:21:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/13/qazaqstandaghy-ortasha-zejnetaqy-moelsheri-ataldy-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.