Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматы Қалалық кардиология орталығында МӘМС және ТМККК аясында жүрекке жоғары технологиялық шағын инвазивті оталар жасалатын TAVI орталығы ашылды

admin by admin
13 декабря, 2023
Алматы Қалалық кардиология орталығында МӘМС және ТМККК аясында жүрекке жоғары технологиялық шағын инвазивті оталар жасалатын TAVI орталығы ашылды

Орталықта науқастар қажетті тексеруден – жүректің ультрадыбыстық зерттеуінен өте алады. Мұнда жоғары деңгейде диагностикалық бейнелеуге мүмкіндік беретін 128 тілімнен тұратын заманауи КТ аппараты бар.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Одан кейін көрсеткіштер бойынша пациенттерге хирургиялық араласу – TAVI отасы (transcatheter aortic valve implantation) жасалады.

Бұл қолқа қақпақшасының стенозын емдеудің заманауи әдісі, мұнда тарылған клапан жүрекке ашық операция жасамай-ақ тамыр арқылы ауыстырылады. Отаның бұл түрі наркозсыз өтіп, науқасты аз жарақаттанатыны сөзсіз. Дәстүрлі хирургиямен салыстырғанда науқас қалпына тез келеді және оның ауруханада жату мерзімі қысқарады.

Енді жүрекке ашық ота жасауға қарсы көрсетілімі бар ауыр науқастарға операция жасаудың бірегей мүмкіндігі бар. Мұндай ота 70 жастан асқан жүрек ауруы бар науқастарға көрсетілген.

TAVI орталығының ашылуы аясында Қалалық кардиологиялық орталықтың қызметкерлеріне шеберлік сабағын өткізу үшін Фрайбургтен (Германия) эндоваскулярлық хирургия директоры Франц-Йозеф Нейман арнайы шақырылды

— Алматы — еліміздегі ең ірі мегаполис. Мұндағы TAVI хирургиясына қажеттілік өмір сүру ұзақтығының ұлғаюымен және диагностиканың жақсаруымен бірге артып келеді. TAVI әдісін қолдану және TAVI орталығының ашылуы денсаулық сақтау жүйесі мен пациенттер үшін бірнеше маңызды артықшылыққа ие: дәстүрлі ота тым қауіпті егде жастағы пациенттер үшін қолжетімділігі; отадан кейін қалпына тезірек келуі; асқыну ықтималдығының аз болуы; TAVI отасы аорта қақпақшасы стенозының ауыр түрімен ауыратын науқастардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады және кардиохирургия саласындағы одан әрі ілгерілеу үшін маңызды болып табылатын медициналық зерттеулерді дамытуға, арнайы мамандарды дайындауға өз үлесін қосады», — деп бөліседі Қалалық кардиология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова.

Қазір Алматы қаласында жылына 20-22 ота жасалса, мұқтаж науқастардың қажеттілігі жылына 200-250 отаға дейін жетеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мұндай отаны жүзеге асыру үшін Орталықта ҰҒКО, Германия және Түркия клиникаларының жетекші мамандарынан білім алған қызметкерлер бар.

— Қолқа қақпақшасының стенозы жүректен денеге қанның қалыпты өтуіне кедергі келтіретін саңылаудың қатты тарылуымен сипатталады. TAVI процедурасы сандағы артерия арқылы енгізілетін катетер арқылы жүзеге асырылады. Катетер жаңа клапанды қалаған жерге жеткізіп, онда ол тарылған клапанды ашады және ауыстырады. Бұл процесс наркозсыз жасалады және жүрекке ашық ота жасауды қажет етпейді де қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ал мұның барлығы бір жерде шоғырлануы науқастың проблемасын тез шешуге мүмкіндік береді», — дейді Қалалық кардиологиялық орталықтың рентген хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Оразбек Сахов.

TAVI орталығы қолқа қақпақшасының стенозы бар науқастар үшін шағын инвазивті процедураларды қолдану арқылы емдеу нәтижелерін жақсартуға арналған. Бұл орталық Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы мен қолдауымен жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге деген көзқарасты өзгерту және пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында құрылған.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ілияс Жансүгіровтің 1927 жылы жарық көрген жыр жинағы табылды

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар рейстердің кешігуі мүмкін екені ескертілді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар рейстердің кешігуі мүмкін екені ескертілді

Қазақстандықтар рейстердің кешігуі мүмкін екені ескертілді

Көкшетауда таңғы ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Көкшетауда таңғы ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Alatau City Garant жыл басынан бері жүктерді сақтандыру бойынша 137 миллион теңге төледі

Alatau City Garant жыл басынан бері жүктерді сақтандыру бойынша 137 миллион теңге төледі

29 октября, 2025

The Psychology of Online Dating

11 июня, 2022
«Менің Алтайым». «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді

«Менің Алтайым». «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді

27 мая, 2024

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.