---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/12/almatyny-qar-basty-bir-tuende-33-zhol-apaty-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыны қар басты: Бір түнде 33 жол апаты болды

![Алматыны қар басты: Бір түнде 33 жол апаты болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo_341970.jpeg)

**Алматыда қолайсыз күн райынан бір түнде 33 жол апаты болды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Бұл үндеу негізінен көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол ережесін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Қалалық полициядан мәлім еткендей, 11 желтоқсан сағат 20:00–ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол апаты тіркелді, төртеуінде жарақат алғандар бар.

> «Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруды шақырамыз», — деді полиция өкілі.

---

Жарияланды: 2023-12-12T04:44:02+06:00

Жаңартылды: 2023-12-12T04:44:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/12/almatyny-qar-basty-bir-tuende-33-zhol-apaty-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.