---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/11/ekibastuz-zheo-daghy-aqaw-tuezetildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді

![Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo_118262.png)

**Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, деп хабарлайды Qazaqpress Хабар 24″ телеарнасына сілтеме жасап.**

Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.

Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалып, резервтегі қазандықтар іске қосылғаны хабарланған болатын.

10 желтоқсанда сағат 01.10 шамасында Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдануы анықталған. Құбыр 05.30-да қалпына келтірілді. Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

---

Жарияланды: 2023-12-11T02:09:00+06:00

Жаңартылды: 2023-12-11T02:09:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/11/ekibastuz-zheo-daghy-aqaw-tuezetildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.