---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/11/atyrawdy-swmen-qamtw-tolyq-qalpyna-keltirildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауды сумен қамту толық қалпына келтірілді

![Атырауды сумен қамту толық қалпына келтірілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/8841.jpg)

**Атырау қаласындағы, оған таяу орналасқан елді мекендер мен Мақат ауданының тұтынушыларына суық су берілді. Қазір су құбырындағы қысым қалпына келтірілген, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.**

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мейірім Қалауидің айтуынша, 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 16:00 шамасында тұтынушыларға су беріле бастаған. Ал, сағат 19:00-де құбырдағы қысымды қалпына келтіру аяқталған.

> «Су тазарту қондырғыларын жөндеу, тазарту жұмыстары 9 желтоқсан күні кешке басталды. Кәсіпорынның жұмысшылары мен арнайы мекеменің сүңгуірлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан үзіліссіз жұмыс істеді. Олар барлық су тазарту қондырғысын мұздан толық тазартты. Қазір кәсіпорынның су тарту құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деп хабарлады Мейірім Қалауи.

Сумен қамту кәсіпорны мамандарының түсіндіруінше, судың құрамы тазарған сайын құбырдағы қысым артады. Бұл бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

---

Жарияланды: 2023-12-11T02:06:53+06:00

Жаңартылды: 2023-12-11T02:06:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/11/atyrawdy-swmen-qamtw-tolyq-qalpyna-keltirildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.