---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/06/almaty-koeshelerinde-zholaq-eni-azajtylwy-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы көшелерінде жолақ ені азайтылуы мүмкін

![Алматы көшелерінде жолақ ені азайтылуы мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/zmsaccthiqq4jlr1fubvaw6rdjiyrjqfvwc7tu80.jpg)

**Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп, жаңа веложолдар пайда болады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қоғамдық көлік пен велосипедшілерге басымдық беру үшін көлікке арналған жолақтың енін азайтуды жоспарланғанын айтты.

> — Алматы үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, осы мәселені де қамтығымыз келеді, сонымен қатар жолақтың енін азайтуды ұсынамыз. Қазір оның ені көліктер үшін 3,5 метр, қоғамдық көліктер үшін 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі сәйкесінше 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін де осындай параметрді көздеп отырмыз. Содан кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолда бос жерлер қалады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақтарды жабдықтаймыз, — деді Сағындық Телібаев

---

Жарияланды: 2023-12-06T05:27:05+06:00

Жаңартылды: 2023-12-06T05:27:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/06/almaty-koeshelerinde-zholaq-eni-azajtylwy-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.