---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/05/toqaev-eriktilerdi-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев еріктілерді құттықтады

![Тоқаев еріктілерді құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/1834406419_0_0_3048_1714_1920x0_80_0_0_af781adaa8c9170dc782b371db12babe.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Халықаралық еріктілер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.**
5 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандық еріктілерге үндеу жолдады.

> — Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Жарияланды: 2023-12-05T04:30:28+06:00

Жаңартылды: 2023-12-05T04:30:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/05/toqaev-eriktilerdi-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.