Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Дер кезінде жасалған ота мидағы анверизма тамыры үзілген науқастың өмірін сақтап қалды

admin by admin
5 декабря, 2023
Дер кезінде жасалған ота мидағы анверизма тамыры үзілген науқастың өмірін сақтап қалды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері кезекті күрделі ота жасап, бір адамды ажалдан арашалап алды. Аурухананың невропатолог, инсультолог және қан-тамыр хирургтері аневризмаға шалдыққан тамыры үзіліп, миына қан кеткен пациентке кешенді көмек көрсетті.
39 жастағы пациент ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Жедел жәрдеммен келген кезде оның басы мен мойын тұсы ауырып, жарыққа қарай алмаған, қан қысымы да қатты көтеріліп кеткен, деп хабарлайды аурухана баспасөз қызметі.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

«Қабылдау бөлімінде бірден тексеру жүргізілді. Компьютерлік томография барысында миға қан құйылғаны белгілі болды. Невропатолог пен нейрохирургтер естіп-қабылдау, түйсіну қабілетінің де нашарлағанын анықтады», — дейді қабылдау бөлімі меңгерушісі Асылбек Ембердиев.
Мультидисциплинарлық тексеруден кейін селективті церебральды ангиография жасау туралы шешім қабылданды.
«Ангиография барысында мидың алдыңғы дәнекер тіндерінен қапшық тәріздес аневризма табылды. Бірден эмболизация жасалды. Сонымен қатар, аневризмге шалдыққан тамырдың төбесінде дивертикул (тамырдың өте жіңішке әрі жарылуға бейім тұсы) барын байқадық. Отадан кейін пациент жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақтанған соң №1 инсульт бөлімшесіне көшірілді», — дейді қан-тамыр нейрохирургиясы бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Қуаныш Никатов.


Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Қазір 39 жастағы науқас отбасына оралды. Пациенттің аяққа тұруына қан-тамыр нейрохирургі – Қуаныш Никатов, Айбек Тұралиев, анестезиолог – Олег Будаков, операциялық медбике – Айнұр Нұралиев сынды операциялық блок бригадасы, Инсульт бөлімшесінің дәрігер-невропатологтары Жандос Зарпуллаев пен Оксана Антонюк атсалысты.
Қабылдау бөлімінің невропатолог маманы мен қан-тамыр хирургтерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде пациент тиісті тексерулерден өткізілді, дұрыс диагноз қойылып, операция жасалды. Сонымен қатар, ота жасалғанына қарамастан, миға қан құйылғаннан кейін 14-ші және 21-күн аралығында мидың ортаңғы күретамыры тарылып, спазм қалыптасу қаупі пайда болады. Осының алдын алған бөлімше инсультологының да еңбегі зор.

№7 аурухананың инсульт орталығы ІІІ-деңгейлі орталықтар қатарына жатады. Онда инсульт алған пациенттерге жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі. Соның ішінде үзілген аневризмаға ангиографиялық аппараттың көмегімен эндоваскулярлық ота жасалады. Емдеу-диагностика мультидисциплинарлық принцип бойынша жүргізіледі. Оған ерте оңалту, инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған шаралар кіреді. Аурухана мамандары сондай-ақ, ауыр халдегі науқастарға консультация беріп, ем-дом тактикасын анықтау үшін басқа қалаларға да шығып тұрады.
Дәрігерлердің айтуынша, миына субарахноидальды қан құйылған пациенттердің 80 пайызында мидан қапшық тәріздес аневризма табылады.

Және ол тек оперативті жолмен емдеуді талап етеді. Әдетте, мидағы қан тамырларының аневризмасы көп жағдайда ешқандай белгі бермейді. Көбіне бұл диагноз пациент невропатолог мамандарға қаралған кезде аяқ-астынан анықталып жатады. Статистикаға сәйкес, аневризмаға шалдыққан тамыр жарылған 10 науқастың 4-еуі стационарға жете алмайды. Аневризма екінші рет үзілген жағдайда пациенттің өміріне төнетін қауіп еселене түспек.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бір жарым жасар ақтаулық сәби Алматыда жасалған отадан кейін колостомадан біржола құтылды

Келесі жаңалық

Астанада робот-ассистент алғаш рет буындарды ауыстыру бойынша операциялар жүргізді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Астанада робот-ассистент алғаш рет буындарды ауыстыру бойынша операциялар жүргізді

Астанада робот-ассистент алғаш рет буындарды ауыстыру бойынша операциялар жүргізді

OLIMP KZ-пен байланысты қылмыстық топтың мүшесі Сербиядан экстрадицияланды

OLIMP KZ-пен байланысты қылмыстық топтың мүшесі Сербиядан экстрадицияланды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

22 января, 2021
МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.