---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/05/astanada-bir-tuende-63-zhol-koelik-oqighasy-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған

![Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/4c11084c56d6e94ec06bf6ddf5f4ec88.jpg)

**Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда 07:00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.

Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

> — Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек, — деп еске салды Астана Полиция департаменті.

---

Жарияланды: 2023-12-05T04:27:50+06:00

Жаңартылды: 2023-12-05T04:27:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/05/astanada-bir-tuende-63-zhol-koelik-oqighasy-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.