---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/12/04/tuerkistanda-zhoghalyp-ketken-toert-zhasar-bala-oeli-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды

![Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/12/photo_118074.jpeg)

**Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да бір өлім белгілері табылмады, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Түркістан полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта түскен. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының, оралмағанын айтқан. Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күші мен құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Кішкентай ұл баланың фотосуреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.

Баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оқиғаға бей-жай қарай алмаған азаматтар да көмектесті. Олар жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралап шыққан. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала бара алады-ау деген басқа да орындар тексерілді.

---

Жарияланды: 2023-12-04T03:53:35+06:00

Жаңартылды: 2023-12-04T03:53:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/12/04/tuerkistanda-zhoghalyp-ketken-toert-zhasar-bala-oeli-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.