---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/30/almaty-aekimdigi-zherlew-procesin-ujymdastyrwgha-zhaene-qaza-tapqandardyng-denelerin-tasymaldawgha-zhaerdem-koersetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы әкімдігі жерлеу процесін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денелерін тасымалдауға жәрдем көрсетеді

![Алматы әкімдігі жерлеу процесін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денелерін тасымалдауға жәрдем көрсетеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/6904d4f37e8cc10d70bcded8509c80ba_1280x720.jpeg)

Алматы әкімдігі зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдаудың барлық шараларын көрсетуде. Жедел түрде уақытша баспана берілді, тамақтану ұйымдастырылды, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.

Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

---

Жарияланды: 2023-11-30T08:25:16+06:00

Жаңартылды: 2023-11-30T08:25:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/30/almaty-aekimdigi-zherlew-procesin-ujymdastyrwgha-zhaene-qaza-tapqandardyng-denelerin-tasymaldawgha-zhaerdem-koersetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.