Қазақстанда алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауады

Қазақстанда алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМҚ 2023 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, жақын күндері Қазақстанның барлық өңірінде қар мен жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстағы өңірлерде қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Тек оңтүстік-батыста, 1-2 желтоқсанда елдің оңтүстігінде күн ашық болады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел болжанады.

Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.