Әскери сотта Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр

Әскери сотта Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шағым қаралып жатыр

Бүгін ҚР Әскери сотында бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген әскери қызметші Б.-ға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралуда. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары), деп хабарлайды Qazaqpress Sud.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шекара заставасының сержанты Н.-ға қатысты күш қолдану арқылы қорқытып алу (ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) және билікті асыра пайдалану (ҚР ҚК-нің 451-бабының 1-бөлігі) баптарымен айыпталған үкімнің күшін жойды.