---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/28/qazaqmys-korporaciyanyng-barlyq-zherasty-kenishterindegi-taw-ken-zhaene-kuerdeli-zhumystardy-toqtatty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтатты

![«Қазақмыс» корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтатты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/ba6e9fc32d917a2a78fd451635f.webp)

**2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Kazinform компанияның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған.

Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық кемшіліктер анықталып, жойылмайынша жалғаса береді.

Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.

> «Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін «Қазақмыс» кенішінде тағы екі адам қаза болғанын жаздық.

---

Жарияланды: 2023-11-28T03:33:58+06:00

Жаңартылды: 2023-11-28T03:33:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/28/qazaqmys-korporaciyanyng-barlyq-zherasty-kenishterindegi-taw-ken-zhaene-kuerdeli-zhumystardy-toqtatty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.