---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/28/atyrawdaghy-wniversitet-dekanyna-zhalaqy-zangsyz-toelenip-kelgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атыраудағы университет деканына жалақы заңсыз төленіп келген

![Атыраудағы университет деканына жалақы заңсыз төленіп келген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/asu.jpg)

**Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің деканына жалақы заңсыз төленіп келген, деп хабарлайды ****Qazaqpress AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.**

Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Facebook парақшасында жазылған болатын. Осы ретте университеттің баспасөз қызметі жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

2017 жылдан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін декан жұмыс күндері Оңтүстік Корея, Түркия және тағы басқа шетелдерге бірнеше рет сапарға шыққан. Алайда табельде жұмыс күндері көрсетіліп, 1 миллион теңгеге жуық төлем жасалған. Осы алты жылдың 80 жұмыс күнінде іс жүзінде жұмыс орнында болмаса да, жалақы төленіп келгені туралы жазылды.

Университеттің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

> «Бұрынғы декан ісі бойынша тексеру қорытындысында аталған қызметкерге «оның іс сапарға жоспарланған мерзімнен ерте кеткен немесе кеш келген, сонымен қатар отбасылық және денсаулық жағдайларына байланысты кейбір уақыттарда жұмыстан сұранған күндерінде де табельде есептеліп ақы төленгені» анықталды. Сондықтан, оның қызмет еткен мерзімде жұмыста болмаған күндеріне төленгенжалақы толықтай университетке қайтарылды. Сонымен қатар, университет қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін 2023 жылғы 20 қазанда декан лауазымынан босатты, ал 1 қарашадан бастап жұмыстан шығарды.
> 
> 
> 
> 
> Университет бұл істегі заңсыздықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ішкі аудит қызметі бірлесе тексеріс жүргізу нәтижесінде анықтады. Қорытындысы бойынша қызметіне салғырттық танытып, заңсыздыққа жол бергені үшін лауазымды қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметтен шеттетілді», — деп түсіндірілді.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі университеттің барлық құрылымдық бөлім басшыларына еңбек тәртібі талаптары және жауапкершіліктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті.

---

Жарияланды: 2023-11-28T03:30:59+06:00

Жаңартылды: 2023-11-28T03:30:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/28/atyrawdaghy-wniversitet-dekanyna-zhalaqy-zangsyz-toelenip-kelgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.