---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/27/devis-kwboginde-qazaqstan-quramasynyng-qarsylasy-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

![Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/302b5caab8eb7b5ff7da67a0fe1069c1_12894.jpg)

**Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform-ке сілтеме жасап.**

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.

Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстанның Жапониямен ойнайтынын жазған болатынбыз.

---

Жарияланды: 2023-11-27T05:45:13+06:00

Жаңартылды: 2023-11-27T05:45:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/27/devis-kwboginde-qazaqstan-quramasynyng-qarsylasy-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.