---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/senat-zhogharghy-sot-swdyasyn-qyzmetinen-bosatty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

![Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/photo_117808.jpeg)

**Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды  Qazaqpress.**

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот rеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Таймерденовті қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

> — Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді, — деді Денис Шипп.

Ол Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесінде 19 жылдан аса тәжірибесі бар екенін, оның төрт жылдан астамын Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарғанын айтты.

> — Таймерденов төрешілер қауымдастығында беделге ие. Мемлекет басшысының судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты Таймерденовті Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, — деп толықтырды кеңес басшысы.

Сенат депутаттары судьяны қызметінен босату үшін бірауыздан дауыс берді.

---

Жарияланды: 2023-11-23T07:11:33+06:00

Жаңартылды: 2023-11-23T07:11:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/senat-zhogharghy-sot-swdyasyn-qyzmetinen-bosatty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.