---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/qostanajda-burynghy-swdya-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанайда бұрынғы судья сотталды

![Қостанайда бұрынғы судья сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/photo_117817.jpeg)

**Қостанайда бұрынғы судья тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрағасы Асқар Дарбаев 19 миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша сотталды.

Үкім Қостанайдың № 2 сотында жарияланды, отырыс ашық режимде өтті. Айыпталушылар орындығында кәсіпкер Елжас Қалқаев та болды. Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы судья ол арқылы басқа кәсіпкерден пара алған.

Жарыссөзде прокурор бұрынғы судьяны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

> — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару, ҚР Ұлттық Банкінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Дарбаевқа жазасын өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленсін, — деп үкімді Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы Мерей Аманжолов жариялады.

Кәсіпкер Елжас Қалқаевқа сот бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот залында оғанкісен салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2023-11-23T10:26:07+06:00

Жаңартылды: 2023-11-23T10:26:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/qostanajda-burynghy-swdya-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.