---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/almatyda-alyp-aghash-koelikting-uestine-qulady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда алып ағаш көліктің үстіне құлады

![Алматыда алып ағаш көліктің үстіне құлады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/c04cbce8-f8e2-4165-9467-2dc38b09e33f.webp)

**Алматының орталығында алып ағаш көлік үстіне құлады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Бейнежазбадан алып ағаштың жеңіл көлікті басып қалғанын көруге болады.

Оқиға бүгін Қалдаяқов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

> «Алматы әкімдігі құтқару қызметінің «109» пультіне қоңырау түсті. Онда Медеу ауданы Қалдаяқов пен Бөгенбай батыр көшелері қиылысында көліктің үстіне ағаш құлағаны айтылған. Зардап шеккендер жоқ. Жолды тазалауға құтқару қызметінің күш-құралдары жіберілді», — деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.

---

Жарияланды: 2023-11-23T07:36:12+06:00

Жаңартылды: 2023-11-23T07:36:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/23/almatyda-alyp-aghash-koelikting-uestine-qulady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.