---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/22/qarzhy-piramidasynyng-basshysy-uesh-zhyldan-kejin-grwziyada-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаржы пирамидасының басшысы үш жылдан кейін Грузияда ұсталды

![Қаржы пирамидасының басшысы үш жылдан кейін Грузияда ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/2oyvy3tpsg_a4_710x444.jpeg)

**Қаржы пирамидасын құрып, халықтың 3,6 млрд теңгесін қалтасына басқан Қазақстан азаматы үш жыл іздестіру жұмыстарынан кейін Грузияда ұсталды. **

Qazaqpress бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

> «Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.
> 
> 
> 
> 
> Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.
> 
> 
> 
> 
> Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», — делінген мәліметте.

Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-11-22T04:46:23+06:00

Жаңартылды: 2023-11-22T04:46:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/22/qarzhy-piramidasynyng-basshysy-uesh-zhyldan-kejin-grwziyada-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.