---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/20/ekibastuzda-anasy-men-onyng-tanysy-7-zhastaghy-milanany-oeltirdi-degen-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екібастұзда анасы мен оның танысы 7 жастағы Милананы өлтірді деген күдікке ілінді

![Екібастұзда анасы мен оның танысы 7 жастағы Милананы өлтірді деген күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/photo_117708.jpeg)

**Полиция бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деген күдікке ілінді.

Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себептері анықталды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыстың іздерін жасырған анасы мен оның танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Кісі өлтіру дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.

---

Жарияланды: 2023-11-20T03:41:39+06:00

Жаңартылды: 2023-11-20T03:41:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/20/ekibastuzda-anasy-men-onyng-tanysy-7-zhastaghy-milanany-oeltirdi-degen-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.