---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/17/shymkent-turghyny-qarzhy-piramidasyna-200-den-astam-adamnan-700-mln-tengge-tartqan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкент тұрғыны қаржы пирамидасына 200-ден астам адамнан 700 млн теңге тартқан

![Шымкент тұрғыны қаржы пирамидасына 200-ден астам адамнан 700 млн теңге тартқан](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/14194580_0_0_2000_1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg)

**ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaqpress агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.

Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.

Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.

> «Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына «Baiqa, piramida!» (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) телеграмм боты арқылы тексере аласыз»,-делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-11-17T05:41:17+06:00

Жаңартылды: 2023-11-17T05:41:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/17/shymkent-turghyny-qarzhy-piramidasyna-200-den-astam-adamnan-700-mln-tengge-tartqan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.