Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қан тапсырды.

admin by admin
17 ноября, 2023
Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қан тапсырды.
Buy JNews
ADVERTISEMENT

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де өтеусіз қан тапсыру акциясы өткізілді, бұл қайырымдылық шарасына 80 студент қатысты.
Акция көмекті қажет ететін науқас балаларға қолдау көрсету аясында ұйымдастырылды, — дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығының »директоры Жандос Нәдіров.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады


«Мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектесуге дайын екенін көрсеткен акцияның барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай сәттер біздің қоғамда игі істерді атқаруға, өзгеге көмектесуге дайын жанашыр жандардың бар екенін көрсетеді», — деп атап өтті ол өз сөзінде.
Донор болуға ниет білдірген 80 студенттің 52-сіне қан тапсыруға рұқсат берілді.
Бұл донорлық процеске деген байсалды көзқарасты және әрбір қатысушының жауапкершілігін көрсетеді.
Акция нәтижесінде 26,52 литр қан жиналды, бұл көмекке мұқтаж жандар үшін керемет құнды ресурс болары сөзсіз.
Мұндай шаралар науқас адамдардың өмірін сақтап қалумен қатар, қоғамда донорлық мәдениеттің қалыптасуына да септігін тигізеді.
Осындай іс-шаралар бізге ынтымақ пен өзара көмектің маңыздылығын еске салады, сонымен қатар әрқайсымыздың қайырымдылық істерге үлес қоса алатынымызды көрсетеді.
«Біз шараға қатысушылардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз және бүгін бастау алған әріпестігіміз әлі де жалғасын табады деп сенеміз. Әрқайсымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын болайық және әлемді жақсырақ әрі мейірімді ету үшін игі істер атқарайық», — деп түйіндеді сөзін Жандос Нәдіров.
Естеріңізге сала кетейік:
— Жасы он сегізге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады.


— ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес донорларды қабылдау тек ҚР азаматының жеке куәлігі, ҚР төл құжаты (түп нұсқасы) немесе электрондық нұсқасы бар болғанда ғана іске асырылады. Шетелдік азаматтар шетелдік төлқұжат пен ҚР ЖСН көрсетуі керек.
— Донордың бойы 150 см –ден, салмағы 50кг жоғары болу керек.
-Донорлыққа баратын күннің қарсаңында донорларға кешкісін майлы, қуырылған, ащы тағамдар, сүт өнімдерін, спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. Спирт ішімдіктерін ішкеннен кейін 48 сағат өту керек, соңғы 3 күнде дәрі қабылдауға болмайды.
— Қан тапсырар күні таңертең жеңіл тамақпен қанағаттаныңыз жәй қантпен қара шәй ішіңіз. Қан тапсырар алдында кофе ішуге болмайды. Егер донор тамақ ішсе ол қан алуға тек 4-6 сағат өткеннен кейін жіберілуі тиіс.
— Денелеріне әшекей сурет салғандар, пирсинг жасағандар, инемен емделгендер, ерін, қасына түзету енгізгендер осы әрекеттер аяқталғаннан бастап, 4 айға дейін донорлыққа жіберілмейді.
— Түнгі ауысымдағы жұмыстан соң қан беруге болмайды.
— Әйелдердің етеккірі келіп кеткеннен соң 5 күннен кейін ғана донор бола алады.
— Гепатитпен, ВИЧ, туберкулезбен , жыныстық жолмен берілетін инфекциямен қатерлі ісікпен ауырғандар, мүгедектік топ берілген азаматтар т.б – донор бола алмайды.

Tags: АлматыАсфендияровблаготворительностьдиректордонорЖандос НәдіровКазҰМУнауқас балаларстуденттерҚайырымдылыққан тапсыру
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

KGIR-2023: ТҰРАҚТЫ ӨҢІРЛІК ӨСУГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Келесі жаңалық

Алматыда шала туған балалар күні атап өтілді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда шала туған балалар күні атап өтілді

Алматыда шала туған балалар күні атап өтілді

БҮЙРЕК ОБЫРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕТІНІ ТУРАЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ АЙТЫП БЕРДІ

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Президент Алик Айдарбаевты қабылдады

Президент Алик Айдарбаевты қабылдады

9 июня, 2021
Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Қазақстанда өткен тәулікте 930 адам коронавирусқа шалдыққан

21 июня, 2021
Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

28 сентября, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.