Полиция бастығы кабинетіндегі зорлау оқиғасы: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады

Полиция бастығы кабинетіндегі зорлау оқиғасы: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады

Талдықорғанда болған соңғы резонанс оқиғаға байланысты ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

— Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, – деді министр Ержан Саденов.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.

Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.