---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/16/elimizde-alataw-degen-zhanga-qala-pajda-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады

![Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/lzgejxrl0io1ib5sseicua1aeckwarqfc1wnvddd.webp)

**Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін», — делінген ашық НҚА порталында жарияланған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.

Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.

---

Жарияланды: 2023-11-16T04:34:25+06:00

Жаңартылды: 2023-11-16T04:34:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/16/elimizde-alataw-degen-zhanga-qala-pajda-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.