---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/15/saltanat-nuekenovanyng-twystary-bishimbaevtyng-inisi-ne-policiya-ne-daeriger-shaqyrmaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Салтанат Нүкенованың туыстары: Бишімбаевтың інісі не полиция, не дәрігер шақырмаған

![Салтанат Нүкенованың туыстары: Бишімбаевтың інісі не полиция, не дәрігер шақырмаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/1699732974_1699712068_image.webp)

**Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары Астана полиция департаменті бастығының тікелей қабылдауына кірді, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Марқұмның ағасы, Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов бар сауалды департамент бастығына «тіке қоя алдық» деп отыр.

Ол бұл туралы КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты.

> «Полиция департаментінің бастығына кірдік. Сұрақтардың барлығын қойдық. Адамның басына салмасын, қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу оңай емес. Салтанаттың ата-анасына тіптен ауыр. Еңсесін көтере алмай жатып қалды. Бауырлары жүгіріп жүрміз жан-жақтан. Күдікті қайтсе де жазасын алса дейміз. Қанша дегенмен тамыр-танысы көп қой. Сот-медициналық сараптаманың да қорытындысын тездетіп қолға алатын болдық», — деді Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов.

Марқұмның туыстары Бишімбаевқа ас-суын тасып, мейрамханадағы видеоны өшіруге ат салысқан экс-министрдің інісін де жазалауды сұрап отыр.

Нүкеновтар отбасы Бишімбаевтың інісі аяушылық танытып, дәрігерлерді ерте шақырғанда «Оны аман алып қалар ма едік» деп отыр.

> «Бишімбаевтың інісі ағасының әйелін қан-жоса етіп сабағанын көріп, не полиция шақырмаған, не дәрігерге хабар бермеген. Бұл не деген жауыздық. Нағыз қылмыскердің сыбайласы дер едім. Сол үшін оған да қатаң жаза беруді талап етеміз» — дейді Қайрат Нүкенов.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

---

Жарияланды: 2023-11-15T02:34:27+06:00

Жаңартылды: 2023-11-15T02:34:27+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/15/saltanat-nuekenovanyng-twystary-bishimbaevtyng-inisi-ne-policiya-ne-daeriger-shaqyrmaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.