---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/14/astanadaghy-alpinisterding-qazasy-kuedikti-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанадағы альпинистердің қазасы: күдікті ұсталды

![Астанадағы альпинистердің қазасы: күдікті ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/f924781cf016422489334c56e8960ede.jpeg)

**Елордада құрылыс алаңында альпинистердің құлауына күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды****Qazaqpress Астана прокуратурасы хабарламасына сілтеме жасап.**

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, оның үшеуі қайтыс болды.

Ресми мәлімет бойынша, Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

> «Тергеу барысында жұмысшылардың өліміне жұмыс берушінің — жеке кәсіпкерлік басшысының қатысы бар екені туралы айғақтар алынды. Тергеу органы қалалық прокуратураның тапсырмасы бойынша жеке кәсіпкерлік басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды», — делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Қылмысқа қатысы барлардың барлығын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық тергеудің барысы қалалық прокуратураның бақылауында.

---

Жарияланды: 2023-11-14T07:50:18+06:00

Жаңартылды: 2023-11-14T07:50:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/14/astanadaghy-alpinisterding-qazasy-kuedikti-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.