---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/13/qazaqstanda-apta-ishinde-2-830-qylmys-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды

![Қазақстанда апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/4b8c413c97454f16bd3d5c84f5e03ded.jpeg)

**Ел аумағында апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Бір апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды. Оның 1 715-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Мәселен, Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды кезекті рет ұрлау барысында ұсталған. Олар қосалқы станциядан төрт блок — модульдік релелік қорғанысты ұрлауға тырысқан.

> «Мұндай бір қорғаныстың құны 2,5 млн теңгені құрайды. Алты дерек бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді баспасөз қызметінің өкілі.

---

Жарияланды: 2023-11-13T06:20:35+06:00

Жаңартылды: 2023-11-13T06:20:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/13/qazaqstanda-apta-ishinde-2-830-qylmys-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.