---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/13/antikor-basshysynyng-burynghy-orynbasary-maqsat-qozhabaev-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

![Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/photo_117513.jpeg)

**Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ****Qazaqpress.**

Мақсат Қожабаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында («Алаяқтық») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны бес жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ақпаратты Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұл қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы – Зәкір Ғұламов. Сот оны Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігінде, 367-бабы 4-бөлігінде, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

---

Жарияланды: 2023-11-13T11:22:42+06:00

Жаңартылды: 2023-11-13T11:22:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/13/antikor-basshysynyng-burynghy-orynbasary-maqsat-qozhabaev-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.