---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/10/zhetisw-oblysynda-ustalghan-kuediktige-qatysty-zhanga-derek-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жетісу облысында ұсталған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

![Жетісу облысында ұсталған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/a24ca383-2daa-4034-bec0-48ef5610e54c.webp)

**Жетісу облысының Сарқан ауданында кеше ұсталған күдіктіге қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жергілікті полиция екі күн бойы іздеп, тау арасына жасырынған жерінен тапқан күдіктінің жасы отыз бесте екен. Ол аудан орталығындағы мектептердің бірінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Күдікті 14 жастағы ұл баланы Сарқан қаласындағы қонақ үйге ертіп барып, зорламақ болған. Баланың көмек сұраған айқайын естіген қонақ үй әкімшісі араға түсіп, полиция шақырған. Күдікті қашып үлгерген.

> «Сұмдық хабарды естіп шошып отырмыз. Сенгің келмейді. Ол жігіт он жылдай болды, ұстаздық етіп жүрді. Ұл балаға әрі өзінің балдызына бұлай жасамақ болды дегені ақылға сияр емес», — дейді сарқандық тұрғын.

---

Жарияланды: 2023-11-10T04:16:58+06:00

Жаңартылды: 2023-11-10T04:16:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/10/zhetisw-oblysynda-ustalghan-kuediktige-qatysty-zhanga-derek-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.