---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/09/qasym-zhomart-toqaev-resej-prezidenti-vladimir-pwtindi-elorda-aewezhajynan-qarsy-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

![Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/a6abc3ec-df63-4f18-8101-345e46f62ccc.webp)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. **

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

---

Жарияланды: 2023-11-09T03:58:54+06:00

Жаңартылды: 2023-11-09T03:58:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/09/qasym-zhomart-toqaev-resej-prezidenti-vladimir-pwtindi-elorda-aewezhajynan-qarsy-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.