---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/09/almatyda-marafongha-bajlanysty-koesheler-zhabylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда марафонға байланысты көшелер жабылады

![Алматыда марафонға байланысты көшелер жабылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/b_image.jpg)

**12 қарашада City Run 2023 марафонына байланысты Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Ұйымдастырушылар мәлім еткендей, қалалық жарыс Төле би көшесіндегі «Астана» алаңынан бастау алады.

Төле би көшесінің бойы Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін таңғы сағат 04:00-ден түскі 11:00-ге дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін шектеледі.

Балама жол: Сейфуллин даңғылы.

Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін жабылады.

Балама жол: Абай даңғылы.

Панфилов көшесінде Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі аралық 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады.

Балама жол: Назарбаев даңғылы.

Бөгенбай батыр көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады.

Балама жол:шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі.

Балама жол: Назарбаев пен Сейфуллин даңғылы.

> «City Run – қаланың дәл орталығында өтетін маусымның соңғы жарысы. Жарыс әуесқойларына екі жүгіру қашықтығы ұсынылған — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс. Оған 2200 қатысушы шығады» деп атап өтті ұйымдастырушылар.

---

Жарияланды: 2023-11-09T04:03:53+06:00

Жаңартылды: 2023-11-09T04:03:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/09/almatyda-marafongha-bajlanysty-koesheler-zhabylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.