---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/08/zhambylda-48-bala-men-eresek-mektep-ashanasyndaghy-tamaqtan-wlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбылда 48 бала мен ересек мектеп асханасындағы тамақтан уланды

![Жамбылда 48 бала мен ересек мектеп асханасындағы тамақтан уланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/6053f7077fa57074596542.jfif_-1440x810-1.jpeg)

**Жамбыл облысы Байзақ ауданында балалар мен ересектер жаппай уланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасына 48 адам келіп түскен.

Олар мектеп асханасында түскі ас ішкеннен кейін уланған.

Оның 35-і ауруханаға жатқызылды. Екеуі ересек, қалғаны — балалар.

> — Негізінен 7-10 жасар балалар келіп түсті. Бәрі — Байзақтағы Н. Киікбаев атындағы орта мектептің оқушылары. Зардап шеккендерге «жіті тамақ токсикоинфекциясы» диагнозы қойылды, — деп түсіндірді ведомстводан.

Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.

Инфекционист, педиатр, токсиколог, реаниматолог-анестезиолог мамандар бүкіл диагностикалық және емдеу шараларын жасап жатыр.

> — Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР бас инфекционисімен консультация жүргізіледі. Жағдай тұрақты, бәрі облыстың денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, — деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2023-11-08T04:31:13+06:00

Жаңартылды: 2023-11-08T04:31:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/08/zhambylda-48-bala-men-eresek-mektep-ashanasyndaghy-tamaqtan-wlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.