---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/07/buekil-el-bojynsha-qyzylshagha-qarsy-vakcinaciya-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүкіл ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация басталды

![Бүкіл ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/756251352621472.jpg)

**Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Жыл басынан бері қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас — 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

70% немесе 8 866 жағдай — вакцина алмаған балалар.

Оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен — 5 286, медициналық қарсы көрсетілім — 1 555, егу жасына жетпеу — 1 930, өзге себептер — 93.

Тағы 16% немесе 2 062 жағдай — белгісіз вакцинация мәртебесі бар адамдар.

Қызылша елдің барлық өңірінде көптеп тіркеліп жатыр.

Қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Осылайша 1 қарашада бас мемлекеттік санитар қызылшаға қарсы екпе науқанын бастау жөнінде арнайы қаулы шығарды.

Көрсетілген қаулыға сәйкес 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап — қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жасар балаларға қосымша жаппай иммундау жасалады.

---

Жарияланды: 2023-11-07T04:52:38+06:00

Жаңартылды: 2023-11-07T04:52:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/07/buekil-el-bojynsha-qyzylshagha-qarsy-vakcinaciya-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.