---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/06/qajrat-boranbaev-bostandyqqa-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

![Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/30979860_0_67_1280_787_1920x0_80_0_0_ff31d01dc96fe685d21da582109d5aa8.jpg)

**Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ ҚАЖК мәліметіне сілтеме жасап.**

2023 жылы 6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілген.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

---

Жарияланды: 2023-11-06T04:38:09+06:00

Жаңартылды: 2023-11-06T04:38:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/06/qajrat-boranbaev-bostandyqqa-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.